Ұлы үйінен қуған “Гүлдер” ансамблінің бұрынғы солисі Амангелді Шыңғысов қайтыс болды

«Гүлдер» ансамблінің беделді солисі болған Амангелді Шыңғысов бүгін дүниеден өтті.

Амангелді Шыңғысов Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген. Өнердегі жолын бір кездері атағы дүркіреген «Гүлдер» ансамблінен бастады. Жұбайы қайтыс болғаннан кейін 82 жасында қарияны үйінен жалғыз атұстары қуып жіберген. Кейін Алматы телеарнасы “Шешімі бар” бағдарламасы қарияға көмектесіп, үй алып берген болатын.