Илон Маск: Тез арада мұнай мен газ өндіруді арттыру керек

Америкалық бизнесмен Илон Маск «жасыл» энергия ресейлік көмірсутек экспортын бірден алмастыра алмайтынын мойындап, тез арада мұнай мен газ өндіруді арттыруға шақырды.

“Бұл туралы айту қиын, бірақ тез арада мұнай мен газ өндіруді арттыру керек. Төтенше уақыт төтенше шараларды талап етеді », — деп жазды ол твиттерде.

Украинадағы оқиғаларға байланысты дүние жүзінде мұнай, газ және оларды өңдеу өнімдері, соның ішінде бензин бағасы өсіп жатыр.

Маск өндірістің артуы оның Tesla электромобильдеріне теріс әсер ететінін мойындады.

«Тұрақты энергетикалық шешімдер ресейлік мұнай мен газ экспортын бірден өтей алмайды», — деп қосты ол.

Қазір АҚШ Украинада арнайы әскери операция жүргізгені үшін салынған санкциялар аясында ресейлік мұнайды сатып алуға тыйым салу мәселесін белсенді түрде талқылап жатыр. Ақ үй әзірге мұндай шараға қарсылық білдіріп, оның энергия бағасының одан әрі көтерілуіне әкеліп соғатынын алға тартты.