Бір апта ішінде Украинада 830 мың тұрғын босып кеткен, 2 мың тұрғын опат болған

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Шабиа Манту Ресейдің Украинадағы басқыншылығының жеті күнінде 830 мың украин босқын атанғанын айтты, деп хабарлайды «ozgeris.info» «azattyq.org»-қа сілтеме жасап.

Украина төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, соғыстың жеті күнінде шамамен 2 мың украин азаматы ресейлік жауынгерлер оғынан опат болған.

Украина омбудсменінің мәлімдеуінше, соғыста кәмелет жасқа толмаған 21 адам қаза тапты, 55 бала жараланды.

Ресейдің қорғаныс министрлігі соғыс басталғалы алғаш рет адам шығыны туралы мәлімет таратты. Министрліктің мәліметінше, соғыста 498 адам қаза тапты, 1597 адам жараланды.

Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей соғыста шамамен алты мың адамынан айрылған.

БҰҰ сарапшыларының болжамынша, қазіргі соғыстың салдарынан Украинада 12 миллион адамға дейін босып кетуі мүмкін.

 

«ozgeris.info».