Мәжілісте «мүгедек» терминін өзгерту ұсынылды

Мәжілістің жалпы отырысында
«мүгедек» терминін «мүгедектігі бар адам» деп өзгерту ұсынылды, деп ozgeris.info хабарлайды.

«Өзгерістер мен толықтырулар 75 заңнамалық актіге, 11 кодекске және 64 заңға енгізіледі. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасы бойынша 2022 жылғы 7 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын»,– деді депутат Жәмилә Нұрманбетова.

Айта кетейік, құжатта «мүгедек» терминін «мүгедектігі бар адам» деп өзгерту, мүгедектігі бар баланы санаториялық-курорттық емдеуге алып жүретін адамға жолдама құнының 70%-ын өтеу, денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедектігі бар адамдарға бірінші кезекте қызмет көрсету көзделеді.