Орыс тілін мемлекеттік тіл мәртебесінен айырудың қажеті жоқ – Ерлан Қошанов

Ерлан Қошанов тіл мәселесіне байланысты толғандырған сауалдарға жауап берді, деп ozgeris.info хабарлайды.

«Бұл мәселені бүкіл халық емес, бастамашыл топ көтеріп жатқан шығар. Бізге не маңызды: қазақ тілінің дамуы, әлде орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі мәртебесінен айыру? Мемлекеттік тілді дамыту. Біз, қазақтар, қазақ тілінде сөйлеуіміз керек және басқа ұлттарды осы тілде сөйлеуге тартуымыз керек.

Біз — көпұлтты елміз. Олардың сөйлесуі үшін, әрине, орыс тілі қажет. Менің ойымша, бүгінгі таңда оны Конституциядан алып тастау қажеттілігі жоқ», — деді ол.