Өзге мемлекеттер Қазақстан мұнайын сатып алудан бас тартты

Украинадағы ахуалға байланысты Ресейге салынған санкциялардың зияны Қазақстанға да тиді деп хабарлайды ozgeris.info порталы turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Үндістан билігі бүгін Қазақстан мұнайын сатып алудан бас тартты. Шектеу көрші елдегі Urals мен ESPO өнімдеріне де қойылған.

Үндістанның мұнай өңдеу зауыты бұны қауіп-қатердің алдын алу үшін жасағанын мәлімдеді.

Алпауыт компания ресейлік кәсіпорындардың төлем қабілетіне күмән келтіріп, сақтандыру тәуекелдері басым екенін алға тартып отыр.

Сондықтан трейдерлерге қазақстандық CPC Blend шикі мұнайын ұсынбауды сұраған. Бұл – ел экономикасына үлкен соққы болары сөзсіз. Себебі, экспортталған қара алтынның 5 пайызы Үндістанға тиесілі. Өткен жылдың өзінде 1,5 миллиард долларға 3,2 миллион тонна шикізат саудаланыпты.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, егер сатушы мұнайды МӨЗ-дерге дейін жеткізіп берсе ғана IOC мұнайды сатып алады.