Қазіргі ғылымның өлшемі — шетелдік журналдағы мақалалар

Қанша қарсылассақ та, қазіргі ғылымның өлшемі де, ғалым рейтингінің көрсеткіші де – шетелдік рецензияланатын журналдардағы мақалалар. 

Осыған байланысты, алдағы уақытта ғылым саласында жарияланатын гранттық, нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстарда мынаны ескерсе екен деймін: Scopus, WoS базаларында индекстелетін шетелдік ғылыми журналдарда мақала жариялау мерзімі нақты бір уақытқа (жылға, айға) белгіленбегені дұрыс болар еді.

Мәселен, 2023-2025 жылдарға арналған жобаның аясында жарық көретін Scopus, WoS мақалалары күнтізбелік жоспарда дәл осы 2023-2025 жылдары жарық көреді деп жоспарлануы керек. Себебі мақала ұсынылған соң журналда 1-1,5 жылға дейін жатып қалатыны белгілі ғой. Оның арғы жағында жарық көрген мақаланың енді индекстелуін күтетін мерзім тағы бар…

Ал кейде сәті түсіп жатса, кейін шығады деген оймен ертерек ұсынылған материал 7-8 айдың ішінде-ақ журнал санына ілігіп, жарияланып үлгереді. Мақала жариялау процесіндегі осындай реалды/объективті жағдай ескерілуі керек.

Ғылымға араласып жүрген әріптестер! Сіздер қалай ойлайсыздар?

P.S. Жарияланым жұмысын ұзақ мерзімге – бірнеше жылға жоспарлаудың бюджеттік жағы қалай болар екен деп жатқандарға: бұдан былай мақала жариялау жұмысын тікелей ғылыми басылымның өзімен ақысыз іске асыруға ұмтылу қажет.

Альмира ҚАЛИ