Ғылыми-техникалық бағдарламалар гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайды

Жақында ҚР БҒМ ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жариялайды деген хабар естідім.

Осыған байланысты конкурс талаптарында Scopus және WoS базаларына кіретін журналдарда мақала жариялау талаптары бұрынғыдай ма әлде өзгерді ме деген сұрақ мазалайды.

Біздің ғалымдар соңғы уақытта бұл талаптарды Ресейдің ғылыми журналдарында мақала жариялаумен орындап жүрген. Алайда қазіргі соғыс, санкциялар Ресейдің ғылымына кері әсер етуі мүмкін.

Гуманитарлық бағыттағы ғылыми журналдар Ресей идеологиясын насихаттайды деп шетелдік Scopus және WoS базаларынан шығарылып тасталуы да ғажап емес.

Сонымен қатар санкциялар ғылыми журналдарға қаржылық қиындық тудырып, қазақстандықтарға оларда мақала жариялауға кедергі болуы мүмкін.

Дұрысы алыс шетелдік ғылыми журналдарда мақала жариялау, бірақ шындығында біздің қазіргі ғылыми әлеуетіміз бұған жеткіліксіз. Сонымен қатар гуманитарлық бағыттағы біздің жұмыстарымыз алыс шетелдерде (Туркиядан басқа) қызығушылық тудырмайтыны анық.

Білім және ғылым министрлігінің осы жайында қандай ойлары бар екен?

Нұрлан АТЫҒАЕВ