Жамбылдықтар алғыс айту күнін кең көлемде атап өтті

 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен бірқатар шаралар өтті. Аймақ басшысы алдымен «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды. Шараға облыстық, қалалық, мәслихат, ардагерлер, қоғамдық Кеңес төрағалары, зиялы қауым, қоғам белсендірлері, этно-мәдени бірлестік өкілдері қатысты.

– Біз ең бірінші аға буын ата-апаларымызға елеулі еңбектері үшін алғыс айтуға тиіспіз. Өңіріміздің өркендеуі жолында жемісті жұмыс жасап, демеушілік, қайырымдылық шараларға белсене атсалысып жүрген кәсіпорындарға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген құқық қорғау, төтенше жағдай департаменттері қызметкерлеріне, облыстың дамуына атсалысып жүрген түрлі сала қызметкерлеріне, дәрігерлерге, мұғалімдерге, спортшыларға және барша жерлестерімізге алғыс айтамыз,-деді аймақ басшысы.

 «Көне Тараз» кешенінің алаңында тұрғындарға арналып концерттік бағдарлама, спорттық шаралар, көрме, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, тегін ыстық тамақтар таратылды.