Доллар бағамы төмендеді

Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, — деп хабарлайды ozgeris.info Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,25 теңгеге төмендеп, 487,75 теңге болды.

Ұлттық банк дерегі бойынша, долларының 1 наурыздағы ресми бағамы — 495,00 теңге.

Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы — 487,26 теңге, сатылым — 492,84 теңге.

Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 486,09 теңгеден сатып алады, 491,48 теңгеден сатады.