Ресейдің Қырымға қатысты егемендігін мойындаса соғысты тоқтатамын — ПУТИН

Ресей президенті Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп,  Украинадағы қақтығысты тоқтатудың бірқатар шарттарын атады. Оның ішінде Қырым жерінің егемендігі бар, деп хабарлады ozgeris.info ria.ru-ға сілтеме жасап.

Путин Макронға Украинадағы жағдайды реттеу Ресейдің қауіпсіздік саласындағы заңды мүдделерін ескергенде ғана мүмкін болатынын атты, оның ішінде: Ресейдің Қырымға қатысты егемендігін мойындау, Украина мемлекетінің демилитаризациясы (қарусыздандыру) мен денациациясы, Украинаның бейтарап мәртебесін қамтамасыз ету.

Макрон халықаралық қауымдастықтың Ресейдің Украинаға шабуылын тоқтату туралы талабын тағы бір еске салып, дереу атысты тоқтату қажет екенін айтты.

Франция басшысы «бейбіт тұрғындар мен тұрғылықты жерлерге, барлық азаматтық инфрақұрылымға, негізгі жолдардың, атап айтқанда Киевтің оңтүстігіндегі жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қарсы барлық соққы мен шабуылды тоқтатуға» шақырды.

«Президент Путин осы үш тармақты ұстануға дайын екенін растады», – деді Франция басшысының әкімшілігі.

Сонымен қатар, Макрон Халықаралық гуманитарлық құқықты сақтауға және Украинадағы бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды.