Қазақстан мен Түркия әскери келісімге қол қойды

Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының Әскери атташесі полковник Фатих Паламен кездесті, – делінген хабарламада.

Orda.Kz  сайтының мәлімдемесінше, Тараптар әскери ынтымақтастықтың келешегі, оның ішінде жауынгерлік даярлық пен әскери білім беру саласының жай-күйін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.