Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды

Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы  лауазымынан босатылсын»,– делінген бұйрықта.