Зелинский: Бір тәулікте 137 батырымыздан айырылдық

Украина президенті Владимир Зеленский Telegram каналында жарияланған үндеуінде бір тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, өкінішке қарай, біз бүгін 137 батырымызды, оның ішінде 10 офицерді жоғалттық. 316 адам жарақат алды», — деді президент.

Бұған дейін Зеленский «Ресей Федерациясының Украинаға қарсы әскери агрессиясына байланысты» елде жалпы жұмылдыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.