Франция Украинаға көмек ретінде 1.2 млрд еуро мен техника бермек

Франция президенті Эммануэль Макрон Брюссельде өткен ЕО-ның төтенше саммитінің баспасөз конференциясында Украинаға экономикалық көмек көрсету жоспарлары туралы мәлімдеді.

Оның айтуынша, Үкімет Украинаға 300 миллион еуро көлемінде көмек жіберуге ниетті.

«Украинаға 1,2 миллиард еуро көлемінде бұрын — соңды болмаған макрофинанс көмегі бөлінді <…> Франция Украина экономикасы үшін қосымша 300 миллион еуро бөледі, біз әскери техниканы жеткізуді жалғастыруға дайынбыз», — деді ол.