Байден: Путиннің мақсаты – Кеңес Одағын қайта құру

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға соғыс ашуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

“Владимир Путиннің амбициясы тек Украинамен шектелмейді. Оның мақсаты айқын. Басшы КСРО-ны қайта қалпына келтіргісі келеді», — деді Мемлекет басшысы.

АҚШ Президенті алдағы уақытта Ресей көшбасшысымен келіссөздер жүргізгісі келмейтінін және Путинге қарсы жеке санкциялардың қарастырылып жатқанын айтты.

Сондай-ақ ол Ресей-Америка қатынастарын «толығымен жойылды» деп сипаттады және қатаң санкциялар жағдайында Ресей Федерациясымен дағдарыс қысқа болады деп үміттенетінін жеткізді.