Жамбыл Жабаевтың шөбересімін деген кісінің кім екені белгілі болды

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шөбересімін деген Бекмұрат Жамбылов оның тікелей ұрпағы болмай шықты. Бұл туралы аңыз тұлғаның шөпшегі Данияр Сырымбетұлы мәлімдеді, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Экспресс К.»-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Бекмұрат Жамбылов Жамбыл ақынның атын пайдаланып, осы уақытқа дейін бірнеше үй алған.  Ол аңыз адамның атын пайдаланып жүрген болып шықты.

«Бекмұрат Жамбыловтың біздің атамызға ешқандай қатысы жоқ. Жамбыл өзі төрт ағайынды болған. Қоман деген туған ағасы қайтыс болғанда, оның жесірін Жамбыл әмеңгерлікпен алған. Ол кезде Бекмұраттың әкесі Әлімқұл 4 жаста болыпты. Міне Бекмұрат содан тарайды. Ал бәйбішеден туған бізбіз. Қазір Жамбылдың ұрпағы бомж боп кетіпті деген әңгіме тарап жатыр. Ол –өтірік. Өйткені Бекмұрат Жамбыл атамыздың атын пайдаланып осы уақытқа дейін 3 үй жасады. Жағдайым нашар, көмек керек деген сөздерінің барлығы жалған. Осы әңгімесі біздің намысымызға тиіп жатыр»,— дейді Данияр Сырымбетұлы.

 

«ozgeris.info»