Шындықты айтуға арналған желі пайда болды

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп құрған TRUTH Social жаңа әлеуметтік желісінің қосымшасын Apple Store-дан жүктеуге болады деп хабарлайды «ozgeris.info» «РИА Новости»-ге сілтеме жасап.

Қосымшаны жүктегенмен, әзірше оны қолдану мүмкін емес. Әлеуметтік желіде тіркеліп, аккаунт құрғаннан кейін пайдаланушыларға «сұраныстың жоғары болуына байланысты» оның кезек күтушілер тізіміне енгізілгені туралы хабарлама келеді.

«Біз сені жақсы көреміз, біз үшін сен кезекті нөмір емессің»: күтушілер тізімінде 3 865- орында тұрған РИА Новости тілшісіне осындай хабарлама келген.

Қаңтарда Капитолийде жаппай тәртіпсіздік болғаннан кейін әлеуметтік желінің басым бөлігі Трамптың аккаунтын бұғаттап тастаған соң экс-президент 2021 жылдың қазанында TRUTH Social («Шындық» әлеуметтік желісі) жобасын құратыны туралы хабарлады.

Ол бұл әлеуметтік желі АҚШ-та сөз бостандығын қалпына келтіруге көмектеседі деп уәде етті. Біраз бұрын Трамп тест режимінде жұмыс істеп тұрған жаңа әлеуметтік желідегі алғашқы хабарламасын жариялады. Қосымшаның барлық мүмкіндігі америкалықтар үшін наурыздың соңында қолжетімді болатыны хабарланды.

TRUTH Social әлеуметтік желісі Президенттер күні қарсаңында іске қосылды. Бұл мереке Америкада ақпанның үшінші дүйсенбісінде атап өтіледі. 

«ozgeris.info»