Блогер Әсел Асқар сәлем салу салтына шүйлікті: Құдайға ғана иілу керек

Блогер Әсел Асқар сәлем салуды оғаш көретінін айтты. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды ozgeris.info порталы.

«Мен жан-тәніммен қабылдай алмайтын бір салт бар. Өлтірсеңдер де, мен оны түсінбеймін. Ол «сәлем салу». Мен Оңтүстіктен болсам да, мені әжем тәрбиелесе де, ол жақта бұл дәстүр әлі де бар, мен оны құптамаймын. Бірақ мен оны түсінбеймін. Біріншіден, өзің енді ғана таныған адамдарға қалай сәлем етуге болады? Екіншіден, жалпы адамға қалай ғана иілуге болады?

Тек Құдайға ғана иілу керек. Үшіншіден, ондайды айтатын болсақ, онда алдымен сені өмірге әкелген, сені бағып-қаққан ата-анаңа, туғандарыңа сәлем ету керек. Ал сен енді танып тұрған адамға сәлем етуің керек. Не үшін? Өз құрметіңді басқаша көрсетуге болады. Ал бұл көзбояушылық, өзімшілдік», — деп жауап берді Әсел Асқар.