Билікшіл, ескі жүйемен тәрбиеленген жастар көп

Саяси көзқарастарым, жеке Семейде орын алып отырған билік тарапынан орын алып отырған жағдайлар туралы ойлар баршылық.

Жаңа Қазақстанды құру үшін сана 30 жыл қалыптасқан жүйенің қалыптастырған ескі пайымдарынан азаттық алып тазаруы тиіс. Өкінішке орай тек сырт келбеті мемлекетшіл, ал шын мәнінде билікшіл, ескі жүйемен тәрбиеленген жастар көп.

Өзгеруге ұмтылыста жоқ, өзгерейін деген ниеттері де жоқ. Барлық іс-шараларға тек алдын ала дайындап қойған адамдарды апару, айтар сөздерін де дайындап беру әлі жалғасуда.

Соны ұйымдастырып жүргендердің де басым көпшілігі «көкелерінің» қолдауымен билік араласып, есірткіге елірген нашақордай мансапқа жету үшін естері кетіп жүрген жастардың қатары белең алып отырғаны өкінішті…

Ерлан Шаяхметұлы,

Семей қаласы