Смайылов денсаулық сақтау министрін сынап тастады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ажар Ғиниятқызыр сынап тастады, деп хабарлайды ozgeris.info порталы

«Ажар Ғиниятқызы, өткен аптада денсаулық сақтау вице-министрі қатысқан брифинг өтті. Денсаулық сақтау вице-министрі журналистер сауалына жауап бере алмағаны өкінішті. Осыған назар аударуыңызды өтінемін», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Смайылов өз сөзінде «мұндай жағдайлар Үкімет жұмысына кері әсер ететінін» айтты.

«Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз керек. Әрбір шешімді дұрыс жеткізу, оны қоғаммен талқылап, қабылдау — Үкіметтің басты міндеті», — деді премьер-министр.