Ең алдымен халыққа оқ атқандарды тергеу керек — Байменов

Қоғам қайраткері Әлихан Байменов Qasqa Jol жобасына сұхбат беріп, қаңтар оқиғасына қатысты тергеулер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info порталы. 

Orda.kz мәліметінше, Әлихан Байменов
ең алдымен бейбіт халыққа оқ атқандарды тергеу керек деген.

– Қазір көшеге шыққан халықты тергеп жатыр. Ал оқ атқан мергендер кімдер, бейбіт халық қандай оқтан қаза тапты? Қандай оқ, қандай мақсатпен атылды? Осыны зерттеп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту керек. Екінші жағынан, құқық қорғау жүйесіндегі үлкен реформада полицияны тәрбиелеу жұмысына көп мән беруіміз керек, – деді қоғам қайраткері.

Сұхбат барысында Байменов өзіне халифат құруға ұсыныс жасағандар болғанын айтты.

– 2005 жылы сайлау алдында маған үш-төрт адам келді. Сіздің әкеңіз имам болғанын білеміз, халифат құруға қалай қарайсыз деді. Мен қарсымын дедім. Моральдық тұрғыдан алғанда дін басшысына қойылатын талап мемлекет басшысына қойылатын талаптан жоғары екенін айттым. Біз Иранды, басқаны көріп отырмыз. Егер 100 адамды жинап біздің мүфтият өкілдерімен қатар қойсаң, адамдарды тартып әкетуі мүмкін, – деді ол.