Жамбыл облысынан бомба табылды

Жамбыл облысынан әуе бомбасы табылды, деп хабарлайды ozgeris.info порталы. 

Жамбыл облысы полиция департаментіне Байзақ ауданының тұрғыны құмнан күдікті зат тауып алғандығы туралы хабарлаған.

Ірі қару-жарақ құмның арасынан табылған, оны залалсыздандыру әрекеті сәтті өткен. Аталған заттың онда қалай пайда болғаны белгісіз.

Полиция оқиға орнына келіп, авиациялық снарядқа ұқсас затты оқиға орнында тапқан.

Келген саперлер снарядты зерттеп, бұл 1962 жылы шығарылған 500 кило 2,5 метрлік «ФАБ 500м-62» авиациялық бомбасы екенін, ол кез келген минутта 200 метрге дейін жарыла алатындығын хабарлады.

Бомба полигонда одан әрі залалсыздандыру үшін арнайы әскери техникаға тиелді. Полицияға қауіпті құрал туралы хабарлаған ер адам марапатталатын болды.