Түркиялық амфибия кемесі биыл сынақтан өткізіледі

Түріктер жасап жатқан L-400 Anadolu амфибия кемесі. Биыл сынақтан өткізіледі. Жыл аяғына дейін Bayraktar TB3-терді қондырып, ұшырып көреді.

Сөйтіп дрон тасымалдаушы десанттық кемеге айналуы мүмкін. Одан бөлек кемеде AH-1W Super Cobra тікұшағы болады. 700 сарбаз, бірнеше десанттық бронды машина тасымалдайды деседі.

Түріктер бұл кемені француздардың L-9013 Mistral амфибиясы деңгейіне жеткізуді армандайды. Бәлкім жасалатын екінші десанттық кеме сол деңгейге жетіп қалар, кім білсін?!

 

Амангелді ҚҰРМЕТҰЛЫ,

ozgeris.info.