Иманбек Зейкенов АҚШ-та концерт бермек

«Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов 20 мамырда АҚШ-та концерт беретін болды, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Иманбек ұсынған шоу Колорадодағы Temple Denver алаңында өтеді. Аталған алаңда өтетін концерттің әр билетінен 1 доллардан музыка сүюшілердің қауымдастығына қайырымдылық ретінде аударылады.

Аталған қауымдастық музыканың, сөйлесу мен махаббаттың, өздігінен білім алудың көмегімен адамдардың психикалық саулығын сақтап, суицидтердің алдын алады.

 

«ozgeris.info».