Президент үтік басып қиналған талдықорғандыққа қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы өз сұхбатында қаңтар оқиғасы кезінде үтік басып қиналған талдықорғандыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Қ.Тоқаев оқиғадан кейін кейбір азаматтардың Президент атына  бейнеүндеу жазып, әлеуметтік желілерде таратқанын, жазықты адамдар жазаланатынын, қазіргі таңда бұл бағытта Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға жұмыс жасап жатқандығын айтты.

 «Шаш ал десе, бас алатын» әрекеттерге жол беруге болмайды. Қоғамдық комиссиялар өз жұмысына кірісіп кетті. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, белгілі құқық қорғаушылар: Айман Омарова, Жеміс Тұрмағамбетова, Абзал Құспан және басқа да заңгерлер жиналып, арнайы комиссиялар құрды. Олар әр істің заңдылығын қарап жатыр. Қоғамдық комиссияларға сенімсіздік көрсетуге ешқандай себеп те, хақымыз да жоқ. Билік те, құқық қорғау органдары да жұмыстарына араласпайды. Мен де араласпаймын. Әрбір құқық бұзушылық дерегі бойынша шаралар қабылданады. Кінәлі адамдар жазаға тартылады. Мен үшін азаматтарымыздың құқығы аса маңызды. Әсіресе, қазіргі таңда мұны ең маңызды мәселе деп айтуға болады. Әрбір іс бойынша әділ шешім шығару мен үшін негізгі принцип болып табылады», — деді Қ. Тоқаев.

 

  «ozgeris.info»