Педагогикалық университет пен ауыл мектептерінің ынтымақтастығы

Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Педагогикалық университет пен ауыл мектептерінің ынтымақтастығы: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында конференция өтті.

«Ауылдық мектеп шамы» жобасының аясында ұйымдастырылған шараға ауыл мұғалімдері мен білім саласы сарапшылары қатысты. Сондай-ақ Leadership for Learning Network желісінің тең құрылтайшысы және HertsCam негізін қалаушы, директоры доктор Дэвид Фрост, Алматы облысы білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауыспековна, «TeachersLab» ЖШС бас директоры Зейнолла Сауле, «Aul.Inspired» жобасының серіктестік және сыртқы коммуникациялар бөлімінің директоры Динара Исенова конференцияда спикер болып, білім саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Педагогикалық университет пен ауыл мектептері арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткен шарада ауыл мектептері мәселелері талқыланып, оның шешу жолдары ұсынылды. Мұғалімдер өздерінің зерттеу жобаларымен бөлісті.

Конференция университет серіктестері Юнеско (UNESCO), «Teachers Lab», «HertsCam Network» ұйымдарының қатысуымен өтті.