Сенатта Жоғарғы сот судьясын босату мәселесі талқыланды

Сенатта Жаңылсын Арқарованы Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мәселе талқыланды, — деп хабарлайды ozgeris.info Парламенттің жоғарғы палатасының сайтына сілтеме жасап.

«Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар еліміз Президентінің Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатуды ұсынған кандидатураны талқылады.
Сенат комитеті Жоғарғы Соттың судьясы Арқарова Жаңылсын Баянқызын орнынан түсуіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынымын қарай келіп, Парламент Сенатына оны қызметінен босатуды ұсынған қорытынды шығарды»,– делінген хабарламада.