Ақтөбе облысында басқарма басшылары есеп беріп жатыр

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық басқарма басшыларының есептерін тыңдады, деп хабарлайды «ozgeris.info»

Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық салалық басқармалардың басшыларының 2021 жылдың қорытындысы бойынша есептерін, сонымен қатар, 2022 жылға арналған​ алдағы жоспарларын тыңдады.

Жиын жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, ТКШ және энергетика, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы,​ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының басшылары​ қатысты.

Атап айтқанда, өңір басшысының бұдан бұрын тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруға, халықты сапалы​ ауыз сумен және су тарту қызметтерімен​ қамтуға,​ ​ елді мекендерді газбен жабдықтауға, тұрғын үй —​ коммункалдық секторын дамыту мен жаңартуға, сонымен қатар, автокөлік жолдарын жөндеу мен салуға​ қатысты тапсырмаларының орындалу барысы​ талқыланды.​

Жиын соңында облыс әкімі мемлекеттік орган басшыларының назарын барлық тапсырмалардың сапалы әрі заманауи орындалуына​ аударып,​ бірнеше тапсырма берді.​

 

 «ozgeris.info»