«24 сағат ішінде оралыңыздар»: Зелинский елден қашып кеткен шенеуніктерге үндеу жасады

Украина президенті Владимир Зеленский елден кеткен мемлекеттік қызметшілерге үндеу жасады, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Халқымыз сіздерге елді басқаруды ғана емес, оны қорғауды да сеніп тапсырды. Сіздердің тікелей міндеттеріңіз — бізбен, украин халқымен бірге болу. Мен қазір Отандарыңызға оралу үшін 24 сағат беремін»,– деді ол.

Басшының айтуынша, шенеуніктердің біразы 13 ақпан күні 30 чартерлік рейспен шетелге ұшып кеткен.