Әсем Нүсіпова жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың үкімімен ҚР президенті әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Әсем Бекқызы Нүсіпова тағайындалды»,– делінген хабарламада.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.