Ғылым: Ішімдікті таңдау адамның кім екенін көрсетеді

Австралиялық ғалымдардың зерттеуі бойынша, невротик адамдар спиртті ішімдікті ұнатады, ал шарапты ұнататындар ең мейірімді жандар, ал сыраны өмірге қанағаттанатын адамдар таңдайды екен. Алкогольді ішімдіктердегі артықшылықтар кейбір тұлғалық қасиеттермен байланысты болса да, зерттеушілер адамның жеке басы туралы оның ішетініне қарай ғана қорытынды жасамауға шақырады — кейде бұл жай ғана талғам мәселесі болуы мүмкін.

Виски ішетіндер өзіне сенімді, текила ішетіндер – орынды,орынсыз қыдыра бергіштер, ал сыра ішетіндер – көңілшек, өмірге дән риза адамдар дейді. Австралиядағы Нотр-Дам университетінің зерттеушілері Падуа университетінің итальяндық әріптестерімен бірлесе отырып, мінез-құлық ерекшеліктері мен сүйікті алкогольдік сусын арасындағы қарым-қатынас туралы стереотиптерге негіз бар-жоғын анықтауға кірісті.

Зерттеуге барлығы 1232 австралиялықтар қатысты. Олардың орташа жасы 45,8 жасты құрады, ерлер мен әйелдер саны бірдей. Алдымен ғалымдар қатысушылардың қай жерде – үйде немесе арнайы ойын-сауық мекемесінде не түнгі клубтарда ішуді қалайтындарын анықтады. Содан кейін жиналған жұртшылықтан олардың сүйікті сусындары, яғни сыра, шарап, сидр және спиртті ащы су жайлы егжей-тегжейлі сұрады. Бірнеше таңдау жасауға рұқсат етілді.

Сауалнама нәтижелерін салыстыра отырып, ғалымдар бірнеше қызықты заңдылықтарды тапты.

Арнайы ойын-сауық мекемелерде ішетіндерге қарағанда, үйде ішетіндер үмітсіздікке, депрессияға ұшырағандар.

«Жалпы бұл зерттеуге жақсы білімі мен әл-ауқаты бар ақ нәсілді, жеткілікті дамыған демократиялық елдің тұрғындары қатысты, сондықтан нәтижелер адамдардың басқа топтарына қатысты болмауы мүмкін» — деп ескертеді жұмыс авторлары. Сонымен қатар, Австралияда жалпы сыра ішу мәдениеті дәстүрлі түрде қалыптасқан.

Ғалымдар адам мінезі туралы қорытынды жасау үшін қандай алкогольді қалайтынын білу жеткіліксіз деп ескертеді. Бұл жұмбақтың бір бөлігі ғана, әртүрлі жағдайларда таңдалған ішімдік әртүрлі бейімділіктерді және тәуелділікті көрсете алады. Мәселен жалғыздықта отырып, арақ ішукүйзелістің айқын белгісі. Ал, барда, достарының компаниясында ащы су құйылған шоттардың сетін ішіп, қызықтау экстраверсия туралы айтады, яғни әлеуметтік белсенділікті көрсетеді деп санауға болады.

Сонымен қатар, белгілі бір алкогольді таңдауға діни көзқарас әсер етуі мүмкін, бірақ зерттеу бұл аспектіні қарастырған жоқ.

«Алкогольді ішімдікті таңдауды адамның мінезін түсіну әрекетінің негізгі аспектісі ретінде қарастырудың қажеті жоқ», деп қорытындылады зерттеушілер. Дегенмен, басқа факторлар және мінез-құлық бақылауымен үйлескенде, бұл қосымша ақпарат беріп, сенімдірек қорытынды жасауға көмектеседі.

«Мас болу дегеніміз – өз еркіңмен ақылыңнан алжасу деген сөз». Ішімдікке салынғандардың өз өмірлерінің астан-кестеңін шығарғаны туралы мысалдарды сіз бен біз күнделікті тіршіліктен күн сайын естіп те, көріп те жүрміз. Осының бәрін біле тұра, жұма сайын бар мен клубтардан шықпай, маскүнемдікке салынып жүрген жастар жағы орасан зор. Сол үшін, «жынды суға» жолаудың қажеті жоқ.

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Әйгерім ҚАНАТҚЫЗЫ