Музыкалық көкжиек

«Астана Опера» директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров өзінің сұхбатында театрдың 2024 жылға арналған жоспары, «Астана Операның» мәдени орта қалыптастырудағы рөлі, келешектегі қойылымдар, гастрольдер және тағы басқалары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

— Ғалым Алғиұлы, Қазақстандағы театр өнерінің бүгінгі жай-күйіне, әсіресе еліміздің рухани дамуын көтеру тұрғысындағы ахуалына қандай баға бересіз?

— Жалпы еліміздің өнері  барлық мәдениет мекемелеріне бай әрі сан алуан шығармашылық алаң құра отырып,  рухани дамуды көтеруге оң ықпал етуде деп ойлаймын. Бүгінде өзінің қызықты ұзақ жылғы тарихы бар көне театрлар – Абай атындағы театр, Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театр, М.Әуезов және М.Горький атындағы драма театрлар  табысты қызмет етіп келеді. Филармониялар, хореографиялық училищелер мен академиялар жұмыс істеуде, сондықтан еліміз жалпы әлемдік ауқымда көштен кейін тұрған жоқ. Көптеген театрларға арналып жаңа ғимараттар салынып, ұжымдар белсенді шығармашылық өмір сүруде. Мәселен, «Астана Опера» – салыстырмалы түрде жас театр болғанымен, әлемдік мәдени қауымдастықта әлдеқашан сұранысқа ие, сондай-ақ ол еліміздің музыкалық-сахна өнерінің басты ордасына айналды, ол өзімізде, Қазақстанда болып жатқан жаһандық оң өзгерістер көрінетін өзіндік бір айна тәрізді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің еліміздегі мәдениет пен өнерді дамыту бойынша стратегиясын жүзеге асыру театрымыздың барлық маңызды жобалары болып табылады.

— «Астана Опера» театрында 2024 жылға қандай негізгі оқиғалар мен жобалар жоспарланған?

— 2024 жылы театрымыз шетелдегі гастролдік турлар аясында тамаша қойылымдарды ұсынады. Балет труппасын Словения астанасы Люблянаға Халықаралық фестивальде өнер көрсетуге шақырды, онда ұжым А.Хачатурянның аңызға айналған «Спартак» балетін орындайды, ал опера труппасының әртістері Ресейдің Үлкен театрында өнер көрсетеді. Ағымдағы жылы біз П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасы мен С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», Дж.Вердидің «Риголетто» операларының премьераларын көрсетуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз көптеген симфониялық және концерттік бағдарламаларды дайындаудамыз. Осылайша, театр әртістерінің кәсіби өсу қажеттілігін, сондай-ақ көрермендердің қызығушылығын ескере отырып, театр репертуары опера және хореографиялық өнердің неғұрлым танымал ұлттық және әлемдік туындыларынан құрылады.

— «Астана Опера» театры өз қызметінде не нәрсеге басымдық береді және алдына қандай мақсаттар қояды?

— Мен үшін театр өнер туындыларын ұсынатын орын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық сананы қалыптастыратын алаң болып табылады. «Астана Опера» мәдени дамуға үлесін қосуда. Сондықтан біздің мақсаттарымыздың бірі – ұлттық классиканы дәріптеу, мәдени мұраны жаңа дыбыстау мен жеткізу түрлерімен байыта отырып, оны заманауи пайымдамада интерпретациялау. Бұдан бөлек, әлемдік мәдени қауымдастықтың интегралдық бөлігі болуға ұмтылып жатырмыз, ол жерде А.Жұбанов, Л.Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» опералары сынды өзіміздің ұлттық классикамызды таныстыра аламыз. Сонымен қатар тағы бір мақсатымыз – дарындардың жаңа буынын тәрбиелеу, сол себепті біз жас әртістермен белсенді түрде бірлесіп әрекет етудеміз. Театр базасында Astana Opera Халықаралық опера академиясын құрып, оның тыңдаушыларына білім алуға және өз-өздерін жетілдіруге, біздің труппамен бірге сахнаға шығуға мүмкіндік бердік. «Астана Опера» театрымен әріптестік жас әртістерге кәсіби өсу үшін ғана емес, сондай-ақ әлемдік ауқымда кеңінен танылу үшін де жол ашады. Академистердің алғашқы шығарылымы өте жақсы нәтиже көрсетті, жастар көптеген беделді байқаулардан жеңіспен оралды. Оларды шетелдегі театрлардағы қойылымдарға қатысуға шақыруда, демек, біз дұрыс бағытты таңдап, сол жолмен келе жатырмыз. Әртістердің келешек буыны жайлы ойлай отырып, біз сценографиядағы театр дәстүрлерін кімдердің қабылдап алатыны туралы да ұмытқан жоқпыз. Сондықтан Қазақстанда бірінші болып балаларға арналған театрлық қолөнер студияларын құрдық, олар театрымыздағы балалар хор және балет студияларымен қатар жемісті жұмыс істеуде.

— Ғалым Алғиұлы, «Астана Опера» театрындағы қандай оқиға немесе жоба сізге ерекше қымбат?

— Қиын сұрақ, себебі біз әрбір жаңа жобаны бастағанда оған жанымызды, эмоциямызды саламыз, барлығы ең жоғары деңгейде өтсе екен деп тырысамыз, себебі өнерде ұсақ-түйек деген жоқ. Опералық және балеттік қойылымдар тәрізді неғұрлым ауқымды жобалар бар, сонымен бірге театрымызда Piccolo театры жобасы аясында ұсынылған комедиялық опера секілді шағын көлемді жобалар да бар, алайда олардың барлығы да есте қалады, өйткені осындай шығармашылық оқиғалардан біздің барлық еңбек қызметіміз құрылады. Және де қуанышымызға орай, ол өте мазмұнды да мәнді…