Назарбаев биліктен 2012 жылы кетіп қалуы керек еді — Ермұхамет Ертісбаев

Тұңғыш президенттің экс-кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша Елбасы 2012 жылы президенттіктен кетуі керек еді, ал Назарбаев билігінің бүгінгідей аяқталуы оның «жарқын саяси мансабына нұқсан келтірді», деп жазады «ozgeris.info» порталы. Бұл туралы ол Orda news арнасына берген сұхбатында баяндады.

Ертісбаевтың айтуынша, «Егер Назарбаев доллар бағамы 125 теңге болғанда кетіп қалса, ел есінде ұлы тұлға ретінде қалар еді».

Бірақ 2011 және 2015 жылдардағы екі «президенттік сайлау науқанынан» кейін тағы үш девальвация халықтың ұлттық валютаға деген сенімін жойып жіберді. Биліктің Елбасыдан кейін Тоқаевқа өтуіне халық та, саяси элита да күмәнмен қарады.