Жаңа туған сәбиін пакетке салып, төртінші қабаттан лақтырып жіберді

Мәскеуде 30 жастағы ана жаңа туған ұлын төртінші қабаттан лақтырып жіберді. Бұл туралы Мәскеу прокуратурасының ресми өкілі Людмила Нефедова «Лента.Ру» басылымына айтқан, деп хабарлайды ozgeris.info порталы. 

Ресми өкілдердің алдын-ала болжам ақпараты бойынша, әйел ауруханада емес, өз үйінде босанып, жаңа туған сәбиін пакетке салып, терезеден лақтырып жіберген.

Құдай жар боп, сәби аман қалды. Қазіргі таңда сәби ауруханаға жеткізілді. Анасы да медицина мекемесіне жатқызылды.

Мәскеу прокуратурасы аталған факті бойынша оқиғаның мән-жайын анықтауды бақылауға алды.