Илон Маск адамзат баласын Қызыл ғаламшарға жеткізу миссиясын сәтті орындап шықса, сіз Марсқа барар ма едіңіз!?

NASA-ның Қызыл ғаламшарға жіберген NASA Mars Climate Orbiter аппараты $125 миллион доллар тұрады екен.

Жерде отырып қашықтықтан басқару кезінде өте аз қателіктердің өзінен 125 миллион доллардың аппараты секундтардың ішінде өртеніп кету ықтималдылығы жоғары.

Марсқа адамзат баласының аппарат жіберуі қиынның қиыны, адамзат миссиясының ең ауыр кезеңі болып тұр.

Илон Маск мен NASA-ның Қызыл ғаламшарға бірліскен миссиясы жаңа ақпараттарды таратып жіберді.

NASA Mars Climate Orbiter аппараты Қызыл ғаламшардан тағы да ұлыған дауылдың үнін түсіріп жіберді. Аппараттың Марсқа түскен кадрларын өте бұлыңғыр болса да түсіріп алды. Марсқа бірнеше аппарат жеткен.

Аппараттың жұмыс жасау мерзімі үш айға дейін созылған.

Ең алғашқы аппарат Қызыл ғаламшарға жеткенімен, ешқандай да байланыс пен хабар болмай, жоғалып кеткен.

Соңғы миссияда аппараттың Марсқа қонуы үшін мамандар 60 нүктені таңдаған. Бірақ аппарат екі құздың арасына барып кіріп кеткен. Бірақ АҚШ-тың жіберген аппараттарының Марсқа қону ықтималдылығы 50 пайызды құраған.

Байқасаңыз, Марс біздің жерге қатты ұқсайды.
Илон Маск адамзат баласын Қызыл ғаламшарға жеткізу миссиясын сәтті орындап шықса, сіз Марсқа барар ма едіңіз!?

Бекболат ҚАРЖАН