Астана прокурорлары жер учаскесін заңсыз сатудың жолын кесті

Мемлекет пайдасына сот шешімімен пайдаланылмай жатқан жер телімі алынған.

Борышкер мемлекет алдындағы міндеттемеден жалтару мақсатында жеке сот орындаушының көмегімен жер телімін заңсыз иеліктен шығарған.

Прокурордың талап-арызы бойынша жер учаскесін сатып алу-сату шарты сотпен жарамсыз деп танылып, 60 млн.теңге көлемінде мемлекет мүддесі қорғалды.

Прокурорлық қадағалау актісімен сот орындаушының мүлікке қатысты шектеулерді шешу және мүлікті беру туралы қаулыларының күші жойылып, ол жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласының прокуратурасы