Оқушылар арасында өтетін әлемдік жарыстар туралы білесіз бе?

Әлемде оқушылар арасында түрлі байқау өтіп жатады. Бүгін біз сендерге солардың ішінен іріктеп, ең қызықты дегендерін ұсынып отырмыз. Бақ сынап көріңдер!

1. Мұхиттарды қорғауға арналған халықаралық суреттер байқауы 

Дедлайн: 7 наурыз, 2022

Science Without Borders байқауы – орта және жоғары сынып оқушыларына арналған өнер сайысы. Байқау оқушылар мен мұғалімдерді өнер арқылы мұхитты қорғау тақырыбына қызықтыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Байқауға қатысушылар шығармашылық, креатив танытып, мұхитты қорғаудың маңызды аспектілерін зерделеуі керек.

Байқаудың тақырыбы: Ridge to Reef. Құрлықтан бастап теңізге дейін барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан биыл беріліп отырған тақырып бойынша үкіметтердің, коммерциялық емес ұйымдардың, саябақтарды басқарушылардың және жергілікті қауымдастықтардың мұхиттарды қорғау үшін қолданып жатқан тәсілдерін пайдалана отырып, Маржан рифтерін сақтау үшін жасай алатын бір немесе бірнеше әрекетті суреттейтін өнер туындысын жасау керек. Байқауға қатысушының жұмысы бүкіл әлем бойынша «Рифтер жылы» аясында өтетін түрлі іс-шарада қолданылады. Байқау оқушылардың жас ерекшелігіне қарай екі категория бойынша өткізіледі. Бірінші – 11–14 жас, екіншісі – 15–19 жас. Айта кетейік, әр категория бойынша жеке-жеке 1, 2 және 3-орын алған сайыскерлер марапатталады.

Талаптары:
– Әлемнің барлық елінен оқушылар қатыса алады;
– Қатысушылар 11–19 жас аралығындағы мектеп оқушысы болуы керек;
– Колледж немесе университет студенттері бұл байқауға қатыса алмайды.

Жүлделер:
Бірінші орын – 500$
Екінші орын – 350$
Үшінші орын – 200$.
Толығырақ ақпаратты ресми сайттан таба аласыз:

Science without Borders® Challenge

2. Видео байқау 

Дедлайн: 22 ақпан, 2022

Біз қазір 7 миллиард халқы бар әлемде өмір сүріп жатырмыз, ал XXI ғасырдың ортасына қарай әлем халқы 9 миллиард адамға дейін өсуі мүмкін деген болжам бар. Осы орайда, Жер шарында адам санының артуы климатқа да әсер ететіні сөзсіз. Байқауға қатысушылар қысқа бейнеролик жасауы қажет (ұзақтығы – 60 секунд). Ол әлем халқының өсуінен туындаған проблемалардың біріне қатысты болуы керек. Видеода көтеретін проблемалар мынадай:

● Ауыл шаруашылығы және азық-түлік мәселесі: суды ысырап ету; химиялық ағындардың пайда болуы; тамақтану рационының өзгеруі; топырақ күйінің нашарлауы (эрозия, шөлейттену және т. б.); климаттың өзгеруі салдарынан туындаған құрғақшылық; ауыл  шаруашылық өнімділігінің төмендеуі және тағы басқа.

● Урбанизация: қала халқы-ның өсуі; қаладағы кедейлік; тығыз орналасқан инфрақұрылым (көлік, санитария және т.б.); қаладағы су және ауа сапасы; тұрғын үй мәселесі; ауылдық жерлерде адам санының азаюы.

● Мұхиттың халі: мұхиттың биоалуантүрлілігінің жоғалуы; климат өзгеруінің салдарынан теңіз деңгейінің жоғарылауы, мұхиттың қышқылдануы; мангровтардың жойылуы; маржан рифтерінің өлуі; судың ластануы және тағы басқа.

Талаптары:
– Байқауға 6–11 (12) сынып оқушылары қатыса алады;
– Оқушылар топпен немесе жеке өзі жұмысын жіберсе де болады;
– Видеоны ағылшын тілінде түсіру керек.

Барлық видеода: 
– халықтың өсуі сіз көтерген мәселеге қалай ықпал етіп жатқаны;
– мәселені шешу үшін өз тарапыңыздан ұсынған ең болмаса бір идея болуы керек.

Жүлделер:

Жоғары сынып (9–12-сыныптар):
Бірінші орынға – 1200 доллар;
Екінші орынға – 600 доллар.
Honorable Mention, яғни үшінші орын екі адамға 300 АҚШ долларынан беріледі.
Орта сынып (6–8-сыныптар):
Бірінші орын иегеріне – 600 доллар;
Екінші орынға – 300 доллар.
Толығырақ ақпаратты төменде көрсетілген ресми сайттан аласыңдар: https://www.worldof7billion.org/student-video-contest/

3. Оқушылар мен студенттерге арналған эссе байқауы

Дедлайн: 28 ақпан, 2022

NCH London Essay эссе байқауы – мектеп бітірушілерге  және колледж студенттеріне арналған конкурс. Эссені ағылшын тілінде жазып өткізу керек.

Эссе тақырыптары мынадай: 

Өнер тарихы: Is it time for museums and galleries to decolonise their collections, and if so, how should they go about it?
Шығармашылық хат: What role can fiction serve when the nature of ‘fact’ is continually called into question?
Тарих: What does history teach us about humanity’s ability to adapt to climate change?
Құқық: What limits, if any, should we place on the right to freedom of expression?
Экономика: How has the COVID-19 pandemic impacted inequalities?
Саясат: How prepared is the international community to address the current environmental crisis?
Философия: How should we (including social media companies and governments) respond to the fact that misinformation (e.g. about coronavirus) can be harmful (and even cost lives) while recognising the value of free expression (including online)?
Ағылшын тілі: Why does the modern world need literary critics?
Психология: How could psychology help in understanding criminal behaviour – does society create criminals?
Деректер туралы ғылым (Data Science): How can Data Science and Humanities inform each other?
Талаптары:
– Қатысушы оқушы не студент білім мекемесінің соңғы жылында оқып жүрген болуы керек. Нақтырақ айтсақ, мектептегі 11 (12) сынып оқушылары, ал колледж болса, соңғы курс студенттері қатыса алады;
– Қатысушы оқушы не студенттің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға қызығушылығы зор болуы керек;
– Әлемнің барлық елінен үміткерлер қатыса алады;
– Университет студенттері қатыса алмайды.
Байқауға қатысу үшін мына сайтқа өтіп тіркелесіз:  https://www.nchlondon.ac.uk/pre-university-programmes/essay/#page-section-5.Содан кейін өзіңізге ұнаған эссе тақырыбын таңдап, 1500 сөзден тұратын эссені ағылшын тілінде жазасыз.

Эссені essay.competition@nchlondon.ac.ukэлектрондық поштасына жібересіз.

Жүлделер:

Бірінші орын –1000£
Екінші орын – 500£
Үшінші орын – 250£
Сұрақтарыңыз болып жатса, толыққанды ақпарат ресми сайтта жазылған: https://www.nchlondon.ac.uk/pre-university-programmes/essay/

4. Climate Science олимпиадасы

Дедлайн: 10 тамыз, 2022

Climate Science – климаттың өзгеру проблемаларын шешу бойынша әлемдік қайырымдылық мекемесі. Бұл Ұлыбританияда орналасқан.  Climate Science бұл олимпиаданы «Қалай істесек тұрақты дамимыз?» деген сұраққа жауап табу үшін ұйымдастырып отыр.
Олимпиада үш кезеңге бөлінген.

1. Іріктеу кезеңі 
Екі адамнан тұратын командамен немесе жалғыз өзіңіз де қатыса аласыз. Қатысушылар бұл кезеңде тапсырма ретінде берілген проблемалардың бірін таңдап, соған жауап береді. Айтпақшы, бұл тапсырмалар іріктеу кезеңіне он күн қалғанда алдын ала дайындалып алу үшін ертерек беріледі. Тапсырманы алған соң үміткерге үш сағат беріледі. Сол уақытта олар тапсырмаға эссе түрінде жауап жазады.

2. Жартылай финал 

Қатысушылар ішінде ең үздік деп танылғандары әлемдік жартылай финалға жолдама алады. Ол онлайн форматта өтеді. Дегенмен қатысушыларды жартылай финалға дайындалу үшін қоғамдық білім беру бағдарламасына шақырады.

3. Финал 
Финал Глазгода (Ұлыбритания) өтеді. Сондай-ақ финалистер Ұлыбританияның Глазго қаласындағы БҰҰ-ның климат жөніндегі саммитіне (COP 26) қатысуға мүмкіндік беріледі. Дегенмен эпидемиологиялық жағдайға байланысты ол онлайн өтуі де мүмкін. Сонымен, үздік шыққан үш команда немесе адамға 10 000 АҚШ доллары көлемінде жүлде қорын беріледі. Нақтырақ айтсақ, 1-орын үшін 5000 доллар, 2-орын үшін 3000 доллар және 3-орын үшін 2000 доллар беріледі.

Талаптары:

– Өтінімдер екі категория бойынша қабылданады: біріншісі – 14–17 жас, екіншісі – 18–25 жас.
– Команданың екі мүшесі де жас категориясы бойынша бір санатта болуы керек.

Айта кетейік, екі категориядағы командалар жас ерекшелігіне қарамастан бірдей тапсырмалар орындайды. Алайда, Climate Science қатысушыларды тек өз жас тобында ғана салыстырады. Содан кейін жартылай финалистер, финалистер одан кейін жеңімпазды анықтау сәтіне келгенде үздіктер қатарында іріктеліп, аз ғана команда қалады. Ең жоғары балл жинаған команда үздік деп танылады.

Қатысуға өтінімді онлайн беруге болады: https://climatescience.ticketleap.com/ 
Толығырақ ақпарат ресми сайтта жазылған: climatescience.org/olympiad

Дайындаған Қания ТАБЫС

«Ұлан» газеті, №6
15 ақпан 2022 жыл