«Көлік екіге бөлініп кеткен»: Ақтөбеде жантүршігерлік апат болды (ВИДЕО)

Ақтөбе облысында жол апатынан көлігі екіге бөлініп кеткен жүргізуші аман қалды, – деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«13 ақпанда Самара-Шымкент автожолының 705 шақырымында екі көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. ВАЗ-21144 көлігінің жүргізушісі жол және метеорологиялық жағдайларды ескермей, қарсы жолақтағы автокөлікпен соқтығысқан»,– делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан ВАЗ автокөлігі қақ айырылған. Екіге бөлініп қалған көліктің жүргізушісі апат болған сәтте артқы орындығына ұшып кеткен. Сол арқылы жүргізуші аман қалған. Ал Opel Vectra көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.