Канаданың Қазақстандағы елшісі қазақ тілінде шаңғы тепті

Канаданың Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Елшісі Алан Хамсон Шымбұлақта шаңғы тепті, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.

Алан Хамсон instagram — дағы оқырмандарына сәлем жолдап, қазақ тілінде алған әсерлері туралы айтып берді.

Сәлем! Мен Шымбұлақтамын. Бұл жер өте әдемі. Қатты қар жауып тұр, бірақ өте жылы. Мен алғаш рет шаңғыда тұрмын, маған сәттілік тілеңіздер, деді Алан Хамсон.

ozgeris.info порталы