Олимпиада: Ақтық бәсекеде Абзал Әжіғалиев төртінші орынды иеленді

Ұлттық олимпиада комиеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, финалдық сында қазақстандық Абзал Әжіғалиев та өнер көрсеткен болатын. Ақтық бәсекеде Абзал мәре сызығын төртінші болып кесіп, жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады, деп хабарлайды ozgeris.info порталы. 

Zakon.kz мәліметінше, аталған қашықтықта алтын жүлдені Венгрия, күмісті Ресей, қоланы Канада спортшылары иеленген.

Абзал Әжіғалиев қысқа қашықтықтарға жүгіруден әлем кубогінің жеңімпазы әрі бірнеше дүркін жүлдегері. Ол Сочи және Пхченчхан Олимпиадаларына қатысып, А финалына алғаш рет Бейжің ойындарында шыққан болатын.

Әзірге, Абзал қазақстандық шорт-трекшілердің Олимпиададағы ең ірі жетістігін тіркеп отыр. Бұған дейн отандық шорт-трек шеберлері Олимпиадада төрттікке енген емес.

Сондай-ақ, осыған дейін Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан финалда бақ сынап, сегізінші орын алған болатын.