“Өте ұят!” Қазақ әйелдерінің тойдағы «күресі» желіні шулатты

Желіде екі әйелдің тойда күресіп жатқан видеосы таралды.

Кадрдан әйелдердің жүлделер үшін қалай қызу жекпе-жекке шыққаны көрсетілген.

Әйелдердің бірі қарсыласын жамбасқа салып, аяғын аспаннан келтіреді және сол жарыста жеңіске жетеді.

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап, олардың бұл әрекетін «өте ұят жағдай» деп сынауда.

“Қараудың өзі ұят!”, “Масқара”, “Бетсіздер екен!”, “Олимпиада ойындарын ұйымдастыру қажет болды”, “Тостмейстер мен мұндай ойындарға қатысатындары ұят”, деп жазды әлеуметтік желі пайдаланушылары.