Түркістандық таеквондошылар күміс иеленді

Түркістандық таеквондошылар Халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «ozgeris.info».

БАӘ-нің Фуджейра қаласында таеквондо спорт түрінен рейтингтік халықаралық турнир болып өтті. Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында ел намысын Түркістан облысының екі спортшысы күміс медальді иеленіп, отандастарымызға қуаныш сыйлады.

Азияның ең талантты спортшылары бас қосқан додада 54 келі салмақ дәрежесінде еліміздің намысын қорғаған жерлесіміз Әзірет Дүйсенбек күміс медальді жеңіп алса, 80 келіде бақ сынаған Нұрлан Мырзабаев күміс алқаны олжалады.