«Қан құйғызудан бас тарту салдарынан көз жұмған көкшетаулық сәби»: ІІМ оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

Ақмола облысында сәбиіне қан құйғызудан бас тартқан ата-аның әрекетіне қатысты Ішкі істер министрлігі түсінктеме берді.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев 2 жасқа толмаған бүлдіршіннің көз жұмуына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Оның нәтижесі бойынша дәрігерлердің және ата-ананың әрекеттеріне баға берілетін болады. Бастапқы деректерге сәйкес, баланың ата-анасы белгілі бір діни ағымды ұстанады. Сол себептен олар қан құйғызуға қарсылық білдірген. Өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Марат Қожев  осы оқиғадан соң «адам өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда екі жасар сәбиін діни сенімдеріне байланысты ата-анасы емдеуге рұқсат бермеген. Олардың қан құйғызудан бас тартуы салдарынан бүлдіршіндері көз жұмған еді.