Жазира Байырбекова: «Келін келгенше туған күн тойламаймын»

Танымал әнші Жазира Байырбекова 45 жасқа толған туған күніне орай әлеуметтік желіде жазба жариялады.

“Өмірге әкелген ата-анама рахмет! Жылы сөздерін аямайтын халқыма рахмет! Әбден ойландым. Ешкімге қиянат жасамаған сияқтымын, ешкімнен ештеңе тартып алмаған сияқтымын,ешкімге салмақ салып, зиян тигізбеген сияқтымын. Осы менің басты қағидам еді”, – деп жазды Жазира Байырбекова.

Өнер иесі келін түсіргенше туған күнін атап өтпейтінін айтып қалды.

“Түзу жолдан тайдырмаған Жаратқан иеме шүкір. Біліп,білмей істеген күнәларымды Аллам кешірсін. Біліп білмей істеген кінәларым болса сіздер кешіріңіздер! Сәлеммен жасын жасырмайтын, келін келгенше туған күнін тойламайтын Жазираларыңыз”, – дейді әнші.

Желі қолданушылары әншіні туған күнімен құттықтап, биылдан қалмай келін түсіруін тілеп жатты.

“Туған күніңізбен, Жазира! Биылдан қалмай келінді болыңыз”, “Келер жылы туған күніңізді тойлауды Алла нәсіп етсін! Жәкеңмен немерелер сүйіп, шөберелерді ертіп, шөпшектерді жетектеп жүруді Алла нәсіп етсін”, “Құтты болсын жасыңыз, құлпырып, жайнап, тасыңыз! Келін алып бұйырса, немере бағып шаршаңыз”, “Сізге ең салихалы келін нәсіп етсін”, “Құтты болсын. Қазақтың әр бір қызы, жары, анасы өзіңіздей болсын”, – деп жарыса жазды желідегілер. Құтты болсын. Қазақтың әр бір қызы, жары, анасы өзіңіздей болсын