«Сіздерді алдап келдім»: Әнші Индира Расылхан ел күтпеген мәлімдеме жасады

Соңғы кезде дінге, психологияға бет бұрған Индира Расылхан көпшіліктен кешірім сұрап, желідегі парақшасында бейнеүндеу жасады.

“Ойым шашыраңқы болса да, жеткізуге тырыстым. Сіздерден кешірім сұраймын. Бүгін ерекше эфир болайын деп тұр. Сіздердің алдарыңызда кеткен қателігімді, алдап жүрген мәселелерімді ашық айтуға ниеттендім. Ашық сөйлескім келіп тұр. Қазір шыны керек, ойым шашыраңқы болып тұр. Сөз таңдамай, қалай бар, солай жеткізуге тырысамын. Көп адам білетін нәрсені айтқалы отырмын. Сіздерді алдап келдім. Сіздер мені әнші Индира деп таныдыңыздар. Өнерім, ән арқылы сіздерің жүректеріңізден орын алып, жүректеріңізді жаулап алуға тырыстым. Және сол үшін сіздерден кешірім сұраймын. Ал психлогиялық тұрғыдан сіздермен 2-3 жыл болып қалды. Қанша адаммен сөйлестім, қанша жанның мұңын тыңдадым, көмектестім. Осы орайда менен көп қаиелік кетті. Психология бір білім ғой. Бірақ бұл Алладан емес, батыстан келген білім. Осы психология арқылы көп нәрсені түсіндім. Психологиядағы техникаларды өз адамдарыма бердім, үйреттім және өзім де соны қолдандым. Ол отбасына, ара қатынасқа, ақшаға байланысты болды. Бірақ ризық маған асып берілген жоқ, көл-көсір өмір сүрген жоқпын. Керісінше, кейін қарай кеттім. Қарызға баттым, көңіл күйім жоқ. Содан өзіме “неге?” деген сұрақ қойдым”, – дейді Индира Расылхан.

Өнер иесі енді ән айтпайтынын мәлімдеді.

“Бәлкім, біреуіңіз өнерімді, біреуіңіз психологиямды жақсы көрген боларсыздар. Ең бастысы, менің айтқалы тұрған нәрсем психологиялық техника, аффермация мен медитацияға да кеңес бермес едім. Алла менің ризығымды арттырмады. Мен адасу, қателік жасау арқылы Алланы таптым. Қазір қандай жағдай болса да, мен тек дұға етемін. Мен үлкен сынақтан өттім. Қиын кезеңнен өттім. Оны дұшпанымның да басына тілемеймін. Алла ол нәрсемен сынамасын деп тіледім. Не ауру емес, не сау емес күйден өттім. Қазір өз-өзіме келдім. Сіздерді алдап жүргендей сезіндім. Расында алдадым. Мен Алладан келген білімді емес, адамдар ойлап тапқан техниканы сіздерге бердім. Жүректеріңізге психолог ретінде жол тапқан болсам, кешірім сұраймын. Мен ресми түрде мәлімдеме жасағым келіп отыр, бұдан кейін ән айтпаймын», – деді экс-әнші.

Бірақ желі қолданушылары Индира Расылханның бұл мәлімдемесін қабылдай алмады.

“Қара киіміңді шеш,әніңді айт,басқа ештеңе керек емес,намазыңды оқи бер”, “Ринаттың сөздерін дәлелдеп жатырсыңдар”, “Адасып кеттің, Индира”, “Оранып алып, алдап келдім дей ме?”, “Адаспашы, өнерің ұнайды”, – деп жазды желідегілер.