Шалатай Мырзахметов жастармен кездесті

Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, парламенттің экс депутаты, Отырар, Созақ аудандарының құрметті азаматы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Шалатай Мырзахметовпен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – халық арасында рухани бірлікті, татулық пен ынтымақтастықты нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу.

Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Мағжан Исахов, орталық мамандары және Шымкент қаласы М.Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжінің студент жастары қатысты.

Шалатай Мырзахметұлы жастарға Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдері мен тәуелсіз елдің мемлекеттілігінің қалыптасуы тарихынан мазмұнды естеліктер мен өзіндік ойларын қоса әңгімелеп берді. Сонымен бірге бүгінгі аға ұрпақтың жастардан күтіп отырған үміттері туралы да ойларын ортаға салды.

Студенттер де өз кезегінде тақырып аясындағы әңгімелерге қызығушылықтарын танытып түрлі сұрақтарына жауап алды.