Жетісу облысында әйел екі баласын екі миллион теңгеге сатқан

Жетісу облысында 23-тегі әйел екі баласын сатқан. Мұны ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек брифингте мәлімдеді.

Жетісу облысының полицейлері екі баласын екі млн теңгеге сатқан әйелді ұстаған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті кезекті кең ауқымды «STOP трафик» операциясын жүргізген. Оның аясында республика бойынша адам саудасына байланысты 30 қылмыс анықталды.

«Жетісу облысы ПД УБОП қызметкерлері балалар саудасы бойынша 23 жастағы тұрғынды ұстады. Әйел делдалдар арқылы 2022 және 2023 жылғы екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2022 жылғы қазанда, екінші факт 2023 жылғы тамызда орын алған, әрқайсысын бір миллион теңгеден беріп жіберген. Фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы “Кәмелетке толмағандар саудасы” бойынша тіркелді-«, – деп мәлімдеді Тұрлыбек.