Алматы облысында 8 жасар қызды ұрлап әкетпек болған қаскөй 10 жылға сотталды

Оқиға Қарғалы ауылында болған еді. Ер адам қаршадай қызды мектебіне жеткізіп тастаймын деп қонақ үйге алып бармақ болған.

Сонда қыз жолай өтіп бара жатқан әйелден көмек сұрап үлгерген.

Анасы қаскөйді қатаң жазаға тартуды сұрады. Сот айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды.