Шетелге заңсыз шыққан қаражаттар қайтарылу керек — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо порталы. 

Үкіметке екі айдың ішінде шетелдерге заңсыз шығарылған қаражат пен сол жерде алынған мүлікті елге қайтару жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырамын. Бұл әлеуметтік-экономикалық аспектілерге, мемлекеттік саясат мәселелеріне, ұлттық бірегейлік пен жастарды тәрбиелеуге әсер ететін үкімет пен қоғамның ортақ міндеті.Қазақстан Республикасының президенті Қасым — Жомарт Тоқаев.

Президент сондай ақ, бизнестен салықтық адалдық пен әлеуметтік жауапкершілік талап етілетінін атап өтті.